|
Германияда мешіт тағы отқа оранды
|
Солтүстік Рейн – Вестфалия неміс жеріндегі Бад-Зальцуфлен қаласында бой көтерген жаңа мешіт өткен сенбіде исламофобтардың қастығынан отқа оранып, кіреберісі өрттің салдарынан айтарлықтай зақымданды. Өрт сөндірушілер 9 адамды құтқарды. Олардың үшеуі бала. Бұл жайында OnIslam.net ақпарат көзі хабар таратты. 2012 жылы Германияда мешіттерге 18 рет шабуыл жасалған екен. Осы жылдың өзінде мұсылмандардың бірнеше құлшылық үйі вандалдар мен исламофобтардың қастығынан отқа оранған болатын. Исламофобтар қанша жаныққанымен осы елдегі түрік мұсылмандары мен ұлты неміс мұсылман жамағаты арандатуға бастайтын жат әрекеттерге сабыр ете білді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды