Экс-министр Британия парламентін Палестина тәуелсіздігін мойындауға шақырды
Экс-министр Британия парламентін Палестина тәуелсіздігін мойындауға шақырды
10 жыл бұрын 2685 Баронесса Саида Варси

Баронесса Саида Варси британ билігін Таяу Шығыстағы шегіне жеткен дағдарыс пен ушыққан жанжалды реттеуде жігерсіздік танытып отырғанын айыптап, парламентті Палестина тәуелсіздігін мойындауға шақырды. «Қандай да бір жолмен біз осы келіссөзге серпін беруіміз керек. Оның бір жолы – Палестина мемлекеттілігін мойындау»,- деп жасаған мәлімдемесі The Guardian ақпарат көзінде жарияланды. Бүгін Ұлыбритания парламенті Израилдің езгісінде қалып қойған Палестина егемендігін мойындау мәселесі бойынша дауыс беру рәсімі өтеді. Оның нәтижесі қандай болады? Оны алдағы уақытта біле жатарсыздар. Айта кетерлігі, баронесса Саида Барси осы елдегі тұңғыш мұсылман министр. Үстіміздегі жылдың тамыз айында ел билігінің оқ пен оттың ортасында қалған Газа секторына қатысты ұстанып отырған саясатына наразылық білдіріп, өз еркімен отставкіге кеткен болатын.

0 пікір
Мұрағат