Германияда мемлекет қаржысымен имамдар әзірлейтін колледж ашылды
Германияда мемлекет қаржысымен имамдар әзірлейтін колледж ашылды
3 жыл бұрын 1948 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Германияның Оснабрюк елді-мекенінде имамдар даярлайтын оқу орталығы ашылды. Бұл ислами оқу ордасы мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Бұл жайында islam.kz порталы неміс тілінде хабар тарататын Deutsche Welle ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш оқу орталығы тек имамдарды ғана даярлап қоймай, сонымен қатар, мешіт қызметкерлері мен аталған ел аумағындағы ислами діни қауымдастықтар үшін мамандар әзірлейді. Конрад Аденауэр атындағы қордың есебі бойынша елдегі имамдардың 90 пайызына дейінгісі шетелден келгендер құрайды. Олардың көбісі неміс тілінен мақұрым. Ислами колледжде білім неміс тілінде беріледі. Бірінші курс шәкірттерінің қарасы 50-ден асада, олардың 20 пайызы - әйелдер. Аталмыш оқу ордасының директоры Бүйлент Үшардың айтуынша, оқу жоспарын бес мұсылман ұйымы мен мешіт жамағаттары, сондай-ақ, дінтанушылар, соның ішінде Германия және Төменгі Саксония мұсылмандарының орталық кеңесі ұсынған тұлғалардан жасақталған комиссия белгілейтін болады.

0 пікір
Мұрағат