Газа экономикасы күйреу алдында тұр
Газа экономикасы күйреу алдында тұр
9 жыл бұрын 2997

Бүкіләлемдік банк дерегіне қарағанда, Израил блокадасында қалған әрі Израил басқыншылығынан Газа секторының экономикасы күйреу алдында тұр. Экономикасы күйреген ел мемлекет ретінде жойылады немесе өзге елдің боданына айналады. Өткен жұмада жарияланған аталмыш халықаралық қаржы мекемесінің баяндамасында айтылғандай, Газа секторының экономикасы 2007 жылдан бері құлдырап келеді. Жалпы ішкі өнім 50 пайызға кеміген. Сондай-ақ, баяндамада Газа секторы тұрғындарының шамамен 43%-ы (1,8 млн адам) жұмыссыз отыр. Бұл әлемдегі ең төменгі көрсеткіш. Ал жастардың арасында бұл көрсеткіш 60 пайызды құрайды. Осыған байланысты Бүкіләлемдік банк халықаралық қауымдастықты блокаданы алып тастауы үшін Израил билігіне ықпал етуге шақырып отыр. Өйтпеген жағдайда Газа секторының экономикасы күйрейді. Блокада алынған соң, экономикада тиісті реформалар жүргізілуі керек. Газа секторын қалпына келтіруге халықаралық қауымдастық уәде еткен 3,5 млрд доллардың осы уақытқа дейін тек 1,0 млрд доллары ғана бөлінгенін де айта кету керек.

1 пікір
  • Әлем мұсылман елдері, Араб Лигасы бұл мәселені дұрыстап қолға алса екен!!!!!
    9 жыл бұрын
Мұрағат