Баласын анасынан қорғағаны қай сасқаны?
Баласын анасынан қорғағаны қай сасқаны?
9 жыл бұрын 3177

Франциядағы мұсылман әйелдер діни кемсітушіліке жиі ұшырап отыр. Бұл жайында «New York Times» ақпарат көзі хабар таратты. Мәселен, шариғат шәлісін басынан тастамайтын 9 жастағы ұлымен шыққан Малек Лайюни есімді мұсылман әйелі Париж қаласының маңындағы ойын-сауық саябағында мұндай келеңсіздікке тап боламын деп ойлаған жоқ. Ол баласымен үрлемелі ойыншық сатып алу үшін жағажайдан өтпек болғанда мұндай жерде ит жетектеген, ішімдік ішкен және діни белгісі бар киім киген адамдарға жүруге болмайтынын айтып жергілікті билік өкілдері оның жолын кес-кестеген екен. Етінен өтіп, сүйегіне жеткен мұндай қорлықты еске алудың өзіне жүрексінеді. Осыған ұқсас жағдай ел астанасының солтүстігінде орын тепкен Меру қаласында күн сайын дерлік қайталанады десе болады. Шариғат шәлісінсіз көшеге аттап баспайтын мұсылман әйеліне баласын мектептің дәлізінен шығарып салуға тыйым салынғанына жарты жыл болды. Сондай-ақ мектеп қабырғасында өткен қандай да бір іс-шараларға аттап басқызбайды. Басындағы шариғат шәлісі үшін. Осындай зайырлы заңды желеу еткен, қолдан жасалған қитұрқы кедергілерді еңсеру үшін 34 жастағы Басиля Араб әлі күнге соттың табалдырығын тоздырып жүр. Бұлар белгілісі ғана. 

0 пікір
Мұрағат