Еуропада жоғалған мигрант балалардың қарасы көбейіп келеді
Еуропада жоғалған мигрант балалардың қарасы көбейіп келеді
3 жыл бұрын 1935 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Соғыстан сансыраған Таяу Шығыс пен Ауғанстаннан, Алжирден, Мароккадан және өзге де елдерден кәрі құрлыққа ағылған босқындардың арасында балалар із-түссіз жоғалып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы ағылшын тілінде хабар тарататын британиялық The Guardian ақпарат көзі мен бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізген  Lost in Europe урналистер ұжымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы үш жыл ішінде Еуропада із-түссіз, хабар-ошарсыз жоғалған мигрант балалардың қарасы 18 мыңнан асып кеткен. Жоғалған балалардың 90%-ы – ұл балалар. Жасы 15-ке толмаған әрбір алтыншы босқын бала Еуроодақ аумағына ересектерсіз, яғни, қамқоршысынсыз келген. Жоғалған балаларға қатысты деректердің талдамалық шолуында ЕО-ға мүше 27 ел мен Норвегия, Молдавия, Швейцария және Ұлыбритания қамтылған. Мәліметтердің кейбіреуі толық емес әрі бір-біріне қайша келетінін де жасырған жоқ. Десе де сарапшылар кәрі құрлықта жоғалған мигрант балалардың қарасы бұл деректен де көп боуы мүмкін екенін емскертіп отыр. Тек өткен жылдың өзінде Еуропа елдерінде 5768 мигрант бала жоғалған екен. Missing Children Europe («Еуропаның жоғалған балалары») деп аталатын қорғау және көші-қон ұйымының бөлім жетекшісі Федерика Тосканоның айтуынша, мигрант балаларды қылмыстық топтар ұрлап жатады. Мигрант балалардың көбісі еңбек және сексуалды құлдыққа сатылады немесе ағза трансплантациясы үшін ұрланады. Бұдан бөлек, террористік ұйымдардың қатарына тартылады. Осыған қарамастан ЕО-да мигрнат балаларды жан-жақты қолдап-қорғаудың кешенді шаралары қарастырылмаған. Яғни, бұған тек қылмыстық іс ретінде қарап, оның алдын алуға қам жасалмаған. 

0 пікір
Мұрағат