Еуропа ондаған млрд еуро шығын әкелетін заңды не үшін қабылдады
Еуропа ондаған млрд еуро шығын әкелетін заңды не үшін қабылдады
3 жыл бұрын 1326 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Еуропалық одаққа мүше елдер өз мүддесіне жыл сайын 10,9 млрд еуро нұқсан келтіретін заңды не үшін қабылдады. Жасанды зердені реттеу туралы заң талаптарына байланысты 2025 жылға қарай Еуропа экономикасы 31 млрд еуродан айырылады екен. Әлемдегі жасанды зерде технологиясына қатысты ең қатал заң жобасында ең алдымен адам құқығының бұзылмауы басты назарға алынған. Бұл жайында islam.kz порталы CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы жылдың сәуір айында Еурокомиссия ұсынған аталмыш заң жобасында жасанды зерденің пайдалану аясы шектелген болатын. Қоғамға қатерлі қадамға бармасы үшін – Қытайдағы авторитарлық билікке қызмет ететін жасанды зердемен байланысты «әлеуметтік мониторинг» секілді рейтингілік жобалар үшін адамның жүзін тану жүйесінен біржола бас тарта отырып ЕО аумағында технологияны пайдалануға шектеу енгізілді. Осы мақсатта ЕО құрамындағы 27 ел жасанды зердемен байланысты технологияның немесе қандай да бір жобалардың қатерін бағалайтын арнайы комиссия жасақталады. Ал сарапшылар ЕОның бұл қадамын технологияның дамуын тежейтін қадам ретінде бағалап отыр. Бұдан бөлек, аталған заң талаптарын сақтау үшін компаниялар баламалы сервистерді құру үшін шығынын арттыруына тура келмек. Өйткені, көптеген қосымшалардан бас тартуға тура келмек. Бұл жайт өз кезегінде компанияның табысын, ондағы қызметкерлерін жалақасын азайтып қоймай, сонымен қатар, мемлекеттің кірісін де кемітеді.

0 пікір
Мұрағат