Екі мемлекет БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беру құқығынан айырылды
Екі мемлекет БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беру құқығынан айырылды
3 жыл бұрын 6339 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш Иранның Бүкіл әлемдік ұйымның Бас Ассамблеясында дауыс беру құқығынан айырылғаны турасында мәлімдеді. Мұндай шара Орталық Африка Республикасына да қоданылып отыр.  Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БҰҰ жарғысының 19-шы бабында қарастырылған талап бойынша аталған мемлекеттер БҰҰ-ға тиісті жарнасын төлемегендіктен Бас Ассамблеяда дауыс беру құқығынан айырылған. БҰҰ Бас хатшысының сөзіне қарағанда, Иран БҰҰ-ға 16 млн доллардан аса қаржы қарыздар болып қалған. Бұдан бөлек, БҰҰ-ға Сомали, Сан-Томе Принсипи және Комор аралдары да қарыз болып қалғанын жеткізді. Алайда, бұл мемлекеттерді дауыс беру құқығынан әзірге экономикалық жағдайына қарап айырмайды. Сарапшылардың айтуынша, АҚШ-тың ықпалымен ядролық бағдарламасына байланысты санкция астында қалған Иран билігі ашып айтпаса да БҰҰ-ның алпауыт державалар алдындағы дәрменсіздігіне, аты бар да заты жоқ ұйымға айналғанына наразылығын осылайша білдіріп отыр. Яғни, БҰҰ-ға жарна төлемеудің астарында саяси себеп жатыр.

0 пікір
Мұрағат