Балалар статистикасы: Еліміздегі балалардың 13 пайызы күн сайын фастфудпен қоректенеді
Балалар статистикасы: Еліміздегі балалардың 13 пайызы күн сайын фастфудпен қоректенеді
9 жыл бұрын 4334

Әлеуметтік зерттеуге қарағанда, еліміздегі балалардың 13 пайызы күн сайын фастфудпен қоректенеді. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Тез дайындалатын тағамды тұтынатын балалар саны қалалық жерлерде 13,7 пайызды, ал ауылдық жерлерде 13,3 пайызды құрайды. Тұтас республика бойынша бұл көрсеткіш күніне шаққанда 13,7 пайызды құрайды»,- деп айтылған аталмыш құзырлы орынның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Аталмыш мәлімет салауатты өмір салтын қалыптастырудың түйінді мәселелерімен айналысатын ұлттық орталық жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесінен алынып отыр. Сондай-ақ, энергетикалық сусындарды тұтыну көрсеткіші де жоғары болып шыққан: қалалық балалаардың төрттен бірі, яғни, 25,5 пайызы, ал ауылдық балалардың 22,7 пайызы пайдасынан гөрі зияны көп сусынды сіміреді екен. «Сәуір айының 1-нен бастап 10-на дейін Қазақстанның барлық аймағында «Дұрыс таамақтану – денсаулық кепілі» атты ұранмен онкүндік өтеді»,- деп айтылғаан хабарламаның тағы бір жерінде. Осы мәселеге қатысты іс-шааралар мұнымен ғана шектеліп қалмайды: тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау мәселесіне, мектеп оқушыларын ыстықтамақпен және таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне, сонымен қатар, тыйым салынған тағам өнімдерін сатуға тосқауыл қою және қадағалау мәселесіне, медицина қызметкерлері мен аспазшыларға арнайы дәріс өткізу мәселесіне арналған үстелбасы әңгімелер мен түрлі жиындар өткізіледі. Айта кетейік, 2007 жылдың наурыз айында білім беру мекемелерінде газдалған және энергетикалық сусындарды, кептірілген тағам өнімдерін (чипс, сухарик) сатуға тыйым салынған болатын. Бүгінгі таңда семіздік пен артық салмақ түрлі ауруларға шалдықтыратын, адам өмірін 10-15 жылға кемітетін негізгі факторлардың біріне айналып отырғаны жасырын емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне үңілсек, әлем бойынша шамамен 170 млнбала артық салмақтан зардап шегеді.

 

ЕЛІМІЗДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАРТЫСЫ ЧАТТА ОТЫРАДЫ

Еліміздегі балалардың жартысынан көбісі ғаламтордаа отырады. Бұл мәлімет «Касперский зертханасы» зерттеуінің нәтижесінен белгілі болды. Сондай-ақ, еліміздегі балалардың порно сайттар мен онлайн режимінде казиноға жиі кіретіні анықталған. Ғаламтордағы балалардың әрекетіне қатысты жүргізілген зерттеу нәтижесіне қарағанда, еліміздегі балалардың 66 пайызы жоқ дегенде бір рет болса да порно сайтқа кірмек болған. Ал 51 пайызы чатта отырса, 30 пайызы онлайн режимінде құмар ойындар ойнаған.

Мавританияда 182 мыңға жуық бала мектепке бармайды

Мавританияның білім беру министрлігінің мәліметіне қарағанда, 6 мен 15 жаас аралығындағы 182 мыңға жуық бала мектепке бармайды. Яғни, бұл көрсеткіш осы елдегі балалардың шамамен 27%-ын құрайды. Мавританиялық қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар осы мәәселеге байланысты дабыл қағып, қаалыпты үрдіске айналып бара жатқан осынау жағымсыз құбылысқа тосқауыл қоюды талап етті ел билігін. Ал халықаралық еңбек ұйымы өз кезегінде мүдделі тараптарды аталған мәселемен шұғылдануды шақырып отыр. Бұл жайында al-Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Жуырда ғана Мавританияның еңбек министрлігі баалалар еңбегін жою туралы іс-қимыл жоспарын мақұлдайтындарын жария еткен болатын.Аталмыш құзырлы орынның басшысы Улда Мұһаммед Хуунидің айтуынша, ел билігі бұл мәселеде қол қусырып, қарап отырған жоқ. Осы мәселені шешу бағытында халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастық орнатқан. Ал аталмыш ұйымның өкілі Лоренс Дюбуа баалалар еңбегімен күресу үшін ұлттық саясатты жүргізуге көмектесетіндерін мәлімдеді. Осылай дей келе ол балалардың білім алмауына осы елдегі көшпелі өмір салты, кедейшілік, жергілікті салт-дәстүр секілді факторлардың өз салқынын тигізіп отырғандығына тоқталды.

0 пікір
Мұрағат