Биологиялық әралуандылықтың сақталуы ең алдымен адамның өзі үшін керек
Биологиялық әралуандылықтың сақталуы ең алдымен адамның өзі үшін керек
3 жыл бұрын 4118 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамзаттың табиғи ресурстар есебінен дамуы мен оның ұқыпсыз пайдалануы салдарынан жаһандық жылыну (климат өзгерісі) секілді ғаламдық апатты тудырып қоймай, сонымен қатар, биологиялық әр алуандылықтың жойылуына да есепсіз үлес қосып жатыр. Биологиялық әр алуандылықты сақтаудың маңызын ешкім жоққа шығара алмайды, алайда, не үшін маңызды екенін немесе оны қалай сақтап қалу керектігін екінің бірі түкпірліп түсіне бермейді. Көптеген түрлер жойылып кетті, көбісі жойылудың алдында тұр - ғалымдардың есебінше, биологиялық түрлердің үштен бірі жойылып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталының материалынан біле аласыздар. Бұл әр адамның санасына және қоршаған ортаға деген қалыптасқан әдеті мен мәдіниетіне байланысты. Биологиялық әр алуандылықты көздің қарашығындай сақтау ең алдымен адамзаттың өзі үшін керек. Сонымен биологиялық әр алуандылық адамға не береді? Миллиондаған, дәлірегі, сегіз млн өсімдік пен жануар түрінің кейбірін, тіпті, адам өмір бойы көрмей кетеді. Соған қарамастан адамның аман қалуына сол биологиялық түрлері себеп болып отыр. Ол ол ма, ауру тарататын кейбір зиянкес жәндіктер мен жануарлардың да экологиялық жүйенің тепе-теңдігін сақтауды өлшеусіз үлес қосып отырғанын біреу білсе, біреу білмес. Биологиялық әралуандылық (генетикалық түрлі нұсқалар) дені сау тіршілік иелерінің даму мүмкіндігімен әрі сенімді азық тізбегімен қамтамасыз етіледі. Жер бетінде өсімдіктер мен жануарлар популяциясы неғұрлым көп болған сайын олардың біреуінің жойылуы немесе жетіспеушілігі тұтас жүйенің дисбалансын (тепе-теңдігінің бұзылуын) тудыру мүмкіндігі төмендейді. Яғни, генетикалық тұрғыдан жойылған түрге ұқсасы бұл олқылықтың орнын толтырып, оның орнын баса алады. Таяуда PNAS мерзімді басылымында бұл бағыттағы жарияланған ғылыми-танымдық материалында биологиялық әр алуандылықтың адамның түр ретінде сақталуы үшін қандай маңызды рөл ойнайтыны сарапталған екен. Дәлірегі, Кэри экоүйені зерттеу институтының ғалымдары биологиялық әр алуандылықтың азаюынан адамға төнер қауіп-қатердің ішінде жануардан адамға жұғатын аурулардың кеңінен тарау мүмкіндігі өсетіндігін алға тартып отыр. Аталмыш зерттеуге атсалысқан әрі жетекшілік еткен Фелиция Кизинг (Felicia Keesing) есімді ғалымның айтуынша, биологиялық әралуандылық (яғни, жануарлар неғүрлым көп болған сайын) молынан кездесетін жерде патогендер (жануардан адамға жұғатын аурулар) да соғұрлым көп болады деген жаңсақ ұғым қалыптасқан. Бұл барып тұрған – миф. Керісінше, биологиялық әралуандылық бай болған сайын жұқпалы аурулардан адамды қорғайды. Яғни, патогендердің  жабайы жануарлардан адамның ортасына тап болуы қатерін кемітеді. Осынау зерттеуге өз үлесін қосқан Рик Остфельд (Rick Ostfeld) есімді ғалым да адамның жабайы табиғатқа килігіп, оны өз қолымен өзгерткен жерлерде ғана патогендердің бас көтеретінін растады Ғалымдардың сөзіне қарағанда, өмірлік циклі қысқа, яғни, ғұмыры келте жануарлар мен жәндіктердің адамға төнер қауіп-қатері жоғары болып келеді, яғни, ауру түрлерін белсенді таратушылар санатына кіреді. Ұзақ өмір сүрмейтін түрлер тез өсіп-өнеді, олардың иммунитеті тұрақсыз болып келеді (иммунитет аз өмір сүретіндіктен оларға аса қажет те емес). Міне, тұста жатыр қауіп-қатердің өзегі: экологиялық жүйеде алдымен ұзақ өмір сүретін жануарлар жойылады. Тіршілік ортасы (адамзаттың тың жерлерді игеру мен орман-тоғайды отауы салдарынан) тарылатындықтан қырылып атады. Жұтаң жағдайға тез бейімелетін ұсақтау әрі тез өсіп-өнетін түрлер артынан жойылады. Оның үстіне, белгілі болып отырғандай, бүгінде жойылу алдында тұрған жануарлар арасында ауру тарататын түрлер өте сирек кездесетін болып шықты. Сондай-ақ, ғалымдар адамға жануардың қандай да бір нақты түрі қауіп төндірмейді, патоген жануардан адамға қалай жұқса, өзге де тіршілік иелеріне солай жұғады. Сол себепті де ауру таратады-ау деген егеуқұйрықты немесе кептерді, т.б. жекелеген түрлерді жоюдың еш мәні мен мағынасы жоқ. Осындай факторға байланысты қазіргі уақытта жануарлардың патогенді тасымалдау тиімділігін арттыратын негізгі факторларды анықтаудың маңызы зор әрі ғалымдар арнайы жобалар бойынша бұл тарапта жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде, жануарлардың иммундық жүйесінің ерекшеліктері, олар тіршілік ететін ортаның климаттық ерекшеліктері, жануар мен оның тіршілік ету ортасының сыртқы әсерге төтеп беретін төзімділігі де ескеріледі.

0 пікір
Мұрағат