Батыстағы беделді университетте алғаш рет исламофобияны зерттейтін арнайы курс ашылды
Батыстағы беделді университетте алғаш рет исламофобияны зерттейтін арнайы курс ашылды
1 жыл бұрын 910 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Стэнфорд университеті исламофобияны арнайы зерттейтін алғашқы батыстық жоғарғы оқу орны ретінде тарихта қалатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы Stanford Daily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған университет қабырғасында исламофоия курсын «Марказ» ресурс орталығының директоры әрі декан Абия Ахмет жүргізетін болды. Бұл тараптағы дәрісте ол студенттермен бірге исламофобияның шығу төркінін, әлеуметтік жат құбылыстың қоғамда қалай көрініс табатынын және онымен қалай тиімді әрі сауатты күресуге болатынын зерделейді. Әр апта сайын исламофобияның түрлі аспектілері, оның солшыл партиялар мен оңшыл партиялардағы саясатта қалай көрініс табатыны, оның мұсылмандар үшін қандай салдары болатыны талқыланады. Аталмыш курсты өткізетін оқытушылардың бірі Жүсіп Захурулланың айтуынша, қарапайым тұрғындар арасында бұл құбылыс мұсылмандардың ар-намысына тию, нәсілдік сипатта кемсітушілікке жол беру түрінде көрініс тапса, саяси аренада мұсылмандардың құқығын шектеу түрінде өрбитінін жеткізді. Бұл бағыттағы курсты ашудың мақсаты түрлі конфессия өкілдері болып табылатын студенттер арасында диалогқа ықпал етуге саяды, өйткені, университет тарихында бірнеше исламофобиялық жағдайлар тіркелген. Жалпы оқу ордаларында мұндай келеңсіздікке жол берілмеуі тиіс. Исламофобия өршіп тұрған АҚШ аумағында, Америка-Ислам қатынастары кеңесінің (CAIR) мәліметінше, 2021 жылы елде діни өшпенділік негізінде мұсылмандарға қарсы жасалған қылмыстардың саны 2021 жылы 9 пайызға артқан. Бір Вашингтон қаласының өзінде исламофобиямен байланысты өткен жылы 6700 сот ісі қаралған.

0 пікір
Мұрағат