Түркия өз суын қауіпті заттармен ластанудан қорғау үшін жаңа талап енгізді
Түркия өз суын қауіпті заттармен ластанудан қорғау үшін жаңа талап енгізді
2 ай бұрын 776 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі мұнай шикізатын тасымалдайтын танкерлердің түрік бұғаздары арқылы өтуіне қатысты қосымша талапты жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы түрік бұқаралық ақпарат құралдарына жөн сілтеген trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Желтоқсан айының 1-нен бастап ресми Анкара сақтандыру компанияларынан мұнай шикізатын тасымалдайтын кемеге P&I сақтандыруын қамтамасыз етуді растайтын хатты талап ете бастады. Мұндағы мақсат үшінші тұлғаға, қоршаған ортаға және жүкке зиян келген жағдайда, сондай-ақ, мұнай транзиті үшін өз кемесін пайдалану барысында келген зиянның орнын толтыруы тиіс айыппұлдар мен өтемақыларды жабу үшін Түркияның өз жауапкершілігін қамтамасыз етуге саяды. Осындай қатерлерді ескерген түрік билігі кемені, жүкті және рейсті егжей-тегжейлі көрсететін навигациялық жоспар есебіне сақтандыру компаниясының хатын қосуды және P&I сақтандыруының осы кеме, сапар және жүк үшін жарамды және толық болуын талап етеді. Босфор мен Дарданел бұғаздары бүгінде планетадағы ең қарқынды су жолдарының бірі болып табылады: олар арқылы өтетін теңіз тасымалының көлемі Суэц каналы арқылы өтетін жүк ағынынан үш есе және Панама каналы арқылы өтетін жүк мөлшерінен төрт есе көп. Сонымен қатар, қозғалыс кестесі ғана емес, навигацияның қиын жағдайлары да бар: 33 шақырымдық Босфор бұғазы бойымен қозғалатын кеме кем дегенде 12 рет бағытын өзгертуі керек. Яғни, қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде суға кету қатері жоғары.

0 пікір
Мұрағат