Аустрия мұсылман телефондарын тыңдау үшін жарты миллион еуроны ысырап етті
Аустрия мұсылман телефондарын тыңдау үшін жарты миллион еуроны ысырап етті
2 ай бұрын 384 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Аустрия қауіпсіздік күштерінің осыдан екі жылдан астам уақыт бұрын жүргізген «Луксор операциясы» жүздеген мұсылманның өмірін ойран етіп кетті десе де болады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Middle East Eye дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 900-ден астам полиция қызметкері мен арнайы жасақ тартылған қауіпсіздік күштерінің «саяси исламды жоюға» бағытталған арнайы операциясы кезінде 70 мұсылман үйіне бірқатар рейдтер жүргізді. Алайда, арнайы операция нәтижесінде бірде-бір тұтқындау, бірде-бір айыптау үкімі болған жоқ, яғни, мұсылмандардың қандай да бір лаңкстікке қатысы бары анықталмады, есесіне, қауіпсіздік күштерінің бұл әрекетінен мұсылман отбасылар зардап шекті, балалары психологиялық соққы алып күйзеліске түсті. Осылайша жергілікті мұсылмандарды қоғам алдында көзге шыққан сүйел етіп көрсететін әрекетке жол берді. Ол ол ма, Австрия соты рейдтерді заңсыз деп санаған тоғыз мұсылман қуынуышының шағымының дұрыстығын мойындады. Арнайы операцияның сәтсіз аяқталуына қарамастан 2 жылдан астам уақыттан кейін рейдтерден зардап шеккен 70-тен астам мұсылман  бизнесі мен кәсібінен айырылған, олардың банктегі шоттары бұғатталған. Дәлірегі, жергілікті мұсылмандардың банктегі бұғатталған қаражаты 20 млн еуродан асады. Ал Аустрияның қауіпсіздік күштері заңсыз әрекеті үшін жауапқа тартылмаған, тіпті, мұсылмандардың телефондарын тыңдауға жарты миллион еуродан астам қаржы жұмсап, ысырап еткені үшін де жауапкершілік жүктелмеген.

0 пікір
Мұрағат