Балалар еңбегін пайдаланғандар бас бостандығынан айырылады
Балалар еңбегін пайдаланғандар бас бостандығынан айырылады
7 ай бұрын 530 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда кәмелет жасына толмаған балаларды денсаулығына зиянды жұмыстарға жегу қайталанған жағдайда айыпты тұлға үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Мұндай жаза қаңтар айының 22-сі күні аталған ел прездиденті қол қойған заңда қарастырылған. Аталған қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам 25 базалық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл төлейді немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер қандай да бір жұмысқа жексе, базалық есептік көрсеткіш бойынша 100-150 мөлшерінде айыппұл төлейді немесе белгілі бір құқықтары шектеліп, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Аталмыш заң қаңтар айының 23-і күні жарияланған күннен бастап, үш айдан соң қолданысқа енеді. Қазіргі уақытта Өзбекстанда кәмелет жасына толмаған балаларды екінші қайтара жұмысқа жексе, базалық есептік көрсеткіш бойынша 20-30 мөлшерінде айыппұл арқалайды.

0 пікір
Мұрағат