|
Азияның тағы бір елі STA-1 мәртебесіне ие болды
|
Үндістан америкалықтардан жоғары технологиялы өнімдерді сатып алуына көп мүмкіндік беретін STA-1 (Strategic Trade Authorization-1) мәртебесіне ие болды. Былайша айтқанда, АҚШ-тың артықшылыққа ие серіктес елдердің біріне айналды. Үндістан осынау мәртебесіне орай ендігі жерде АҚШ-тан жоғары технологиялы өнімдерді, соның ішінде, ел қауіпсіздігіне қажетті, қорғаныс қабілетін күшейтетін технологияларды кедергісіз сатып ала алатын болды. Бұл жайында АҚШ-тың сауда министрі Уилбура Росса мәлім етті. "Біз Үндістанға STA-1 мәртебесін бердік. Бұл оның экспортты қадағалау жөніндегі режиміміздегі оның мәртебесін өзгертеді",- деп мәлімдеді ол АҚШ-тың сауда палатасында өткен Азия-Тынық мұхиты аймағы және Үнді мұхиты аймағы бойынша форумда. Осы орайда Үндістанның Азияның оңтүстігінен мұндай жоғары мәртебеге ие болған жалғыз ел екенін айта кету керек. Ал Азия бойынша мұндай мәртебе Жапония мен Оңтүстік Корея ғана ие болған еді. Жалпы STA-1 тізімінде 36 ел бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Иран режимінің өміршеңдігінің құпиясы айтылды
■
Бір ел бар әр 5 минут сайын обырдан азаматы өмірден озатын
■
Үндістанның фармацевтикалық секторы жыл сайын науқастар емделмей жатып 5 миллиард доллар жоғалтады
■
Цифрлы ДНҚ қайтыс болған адамның тұлғалық болмысын сақтауға көмектеседі (видео)
■
Ашық жасанды зерденің болашақты қалай өзгертетіні айтылды