«Азиялық шенген» режимі биыл енгізіледі
«Азиялық шенген» режимі биыл енгізіледі
3 жыл бұрын 2463

Орталық Азия елдері Қазақстан мен Өзбекстан жыл соңына дейін «азиялық шенген» – Silk Road ортақ визасын енгізуді жоспарлап отыр «Азиялық шенген» аталатын Silk Road Visa жобасын енгізу жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы өз кезегінде Мәдениет және спорт министрлігіне жөн сілтеген «Sputnik Қазақстан» ақпарат көзіне сілтеме жасаған qazaqtimes.com порталы хабарлады.

Бастапқы кезеңде Silk Road жобасына Қазақстан мен Өзбекстан кіреді. Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, Silk Road Visa көп реттік электрондық туристік визасы туралы ережелер және азаматтары осындай визаға жүгіне алатын елдердің бірыңғай тізімі келісілді. Виза берудің бірыңғай электрондық жүйесін енгізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Болашақта «азиялық шенген» құрамына Қырғызстан мен Әзірбайжан кіреді деп күтілуде. Silk Road Visa көп реттік электрондық туристік визасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристерге бірден бірнеше елге баруға мүмкіндік береді. Ұсынылған тетік трансұлттық туристік өнім жолындағы кедергілерді еңсеруге мүмкіндік бермек.

Өзбекстан вице-премьерінің былтырғы мәлімдемесіне сәйкес Silk Road жобасын 2020 жылы іске қосу жоспарланған болатын. Ал алғаш «Азиялық шенген» құру идеясын 2018 жылдың маусымында Дариға Назарбаева көтерген еді. 2019 жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл мәселе тереңірек зерттеуді талап ететінін хабарлады. 

0 пікір
Мұрағат