Биыл азық-түлік тапшылығын тартатын адамдар қарасы 1 млрд-тан асады
Биыл азық-түлік тапшылығын тартатын адамдар қарасы 1 млрд-тан асады
3 жыл бұрын 1175 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемнің 76 елі биыл азық-түлік дағдарысына тап болады. Бұған жұқпалы індетке байланысты сақтық шаралы мен халықаралық сауда-саттықтағы шектеу себеп болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде аштық азабын тартатындар қарасы шамамен үштен бірге артып, тағам тапшылығының зардабын 3 млн адам тартатын болады. АҚШ ауыл шаруашылығы жинаған мәлімет осындай. Осы орайда АҚШ билігі табысы орташа және төмен 76 елге азық-түлік көмегін көрсетуге бел буып отырғанын айта кету керек. Дәлірегі, 1,2 млрд адам азық-түлік тапшылығын тартып, 291 млн адам ашқұрсақ өмір сүретін болады. Биыл (2021 жылы). Осы тұста 2100 калория – ең төменгі шама болып саналады, адам тұтынатын тағамның осынша құнарлығы денсаулығын сақтау әрі өмір сүруі үшін. Пандемия басталмай тұрып, күллі әлем бойынша 761 млн адам ашқұрсақ өмір сүрген екен, яғни, адамзаттың 20 пайызына жетер-жетпес бөлігі. Азық-түлік тапшылығын тартатындар мен ашқұрсақ өмір сүретіндердің дені Бангладеш, Үндістан, Пәкістан, Индонезия тұрғындары болмақ. Әсіресе, соғыс жүріп жатқан Йеменде, Зимбабвте, Конгодағы жағдай тіптен сын көтермейді. Аталған елдегі азаматтардың 80 пайызы ашқұрсақ өмір сүріп жатыр. Азық-түлік тапшылығы Азия мен Африка құрлығының саяси тұрақтылығына қауіп төндіріп тұр. Стартегиялық маңызы зор азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнуінің негізгі себебіне пандемия жатқызылады. Алайда, қарулы қақтығыстар, климат өзгерісі, құрғақшылық, экономикалық тұрақсыздық секілді факторларды ескермеген күннің өзінде. Таяуда бұл тарапта арнайы жүргізілген, Nature Food мерзімді басылымында нәтижесі жарияланған зерттеу материалында мынадай дерек келтірілген екен: ана мен балалар арасындағы ашқұрсақ өмір әлемге 30 млрд доллар шығын әкеледі екен – болашақта еңбекке жарамдылығы мен өнімділігі тұрғысынан алғанда.

0 пікір
Мұрағат