Лұт пайғамбардың қонысы табылды
Лұт пайғамбардың қонысы табылды
3 жыл бұрын 2546 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иорданиялық сарапшылар аталған елдің оңтүстігіндегі Иордан өзенінің оңтүстік жазығынан Лұт пайғамбардың қонысын тапқандарын жария етті. Бұл оқиға Таяу Шығыс аймағындағы ең маңызды жаңалық болуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Petra ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы ақпарат Иорданияның туристік жолбастаушылар қауымдастығының елдің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен бірігіп өткізген семинар барасында белгілі болды. Аталмыш қауымдастық жетекшісі Мұхаммед Хаммадтың осы жаңалыққа орай жасаған мәлімдемесінде бұл бағыттағы иорданиялық ғалымдардың жетістігін жоғары бағалай келе Лұт пайғамбардың қонысының құрылысына қатысты ғылыми жаңалықтың маңыздылығына тоқталды. Осынау зерттеуге жетекшілік еткен доктор Мұхаммед Уақып (Хашимит университетінен) Лұт пайғамбардың кезіндегі қонысы туралы ғылыми, материалдық, яғни, заттай айғақтармен қоса геологиялық, географиялық, сондай-ақ, археологиялық мәліметтерді қосы ұсынды.

0 пікір
Мұрағат