|
Ата-аналар үшін жұмыс күні қысқаруы мүмкін
|
Ресей Федерациясының қоғамдық палатасы Федерация кеңесіне балалары бар жұмысшылардың жұмыс күнін қысқарту турасында үшбу хат жолдады. Яғни, баласы бар жұмысшылардың жұмыс күнін бірнеше сағатқа қысқарту турасында сөз болып отыр бұл арада. Олардың аталмыш ұсынысы заңдық бастама ретінде мәртебеге ие болса, осы мәселеге қатысты заң жобасы Мемлекеттік Думаның қарауына жіберіледі. Жоба авторларының айтуынша, бұл шара тек ананы ғана қамтып қоймай, сонымен қатар, әкеге де қатысты болуы керек. Ресей Федерациясының екі субьектісі Кузбасс пен Башқұрстан бұл мәселені бюджетке кіргізіп те қойды. Енді бұл тәжірибе РФ-ның барлық аумағында таралуы тиіс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады