Байкер-исламофоб мұсылмандарға енді тиіспейтініне уәде берді
|
АҚШ азаматы Джейсон Легер өткен жұма күні достарымен Аризона штатына қарасты Финикс қаласындағы мешітке келіп, исламға қарсы наразылық шеруіне жиналған болатын. Бақайшағына дейін қаруланған 200 байкер қолдарына Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) карикатурасы салынған және исламға қарсы жазу жазылған плакат ұстап шыққан болатын. Мұсылмандар шақырылмаған «қонақтарды» мешітке шақырып, оларға ислам жайында дәріс оқып, ислам жайында жаңсақ ұғымның жетегінде кеткендеріне көздерін жеткізе білді. Дәрістен жаза басып жаңылғандарын ұққан байкерлер шеру өткізгендеріне өкініп, мұсылмандардан кешірім сұрайды әрі мұндай қадамға ендігәрі бармайтындарына уәде етеді. «Оларға құлақ түріп, оқыған намаздарын көргенде ешкімге жаманшылығы жоқ жандар екеніне көзім жетті», - деді ол ағынан ақтарылып «Fox10 News» ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. «Мұсылмандарды құрметтеймін, ендігі жерде қателігімді қайталамаймын, өйткені, оларды ренжіткім келмейді», - деді ол артынша.