Ас арқылы көрсетілетін адалдық
Ас арқылы көрсетілетін адалдық
4 жыл бұрын 1735 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияда қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтандыру орындарына (асхана, мейрамхана, дәмхана, т.б.) клиентке ұсынылатын ас мәзірінде қамтылған тағамдардың құрамында қандай қоспалардың, т.б. барын көрсетуді міндеттейтін тағам өнімдерін маркілеудің жаңа регламенті 2020 жылдан бастап қолданысқа енді. Осы орайда аталған елдің қонақ үй қауымдастығының (TÜROB) өкілдері түсіндіргендей, әрбір тағам үшін оның атауы, құрамы, құнарлығы, жарамдылық мерзімі, аллергия тудыратын қоспалары туралы ақпарат жазылады. TÜROB өкілдері атап өткендей, бұл мақсатта тамақтанатын жерде жоғарыда аталған талаптар бойынша ақпарат жазылатын плакаттар қойылады. Ондағы ақпараттар кеңінен қолданылатын түрлі тілде жазылады. Түріктердің бұл тың бастамасы, әсіресе, түрлі наным-сенім өкілдеріне, соның ішінде, шариғатта тыйым салынған тағам түрлерінен бойын аулақ салатын мұсылмандарға көп көмегін тигізеді.

0 пікір
Мұрағат