Арменияның Әзірбайжанға қатысты тағы бір қылмысы...
Арменияның Әзірбайжанға қатысты тағы бір қылмысы...
1 ай бұрын 1569 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Азат етілген әзірбайжан жерін минадан тазалау үшін Армения тарапы миналанған алқаптардың картасын беруден бас тартқан. Бұл жайында islam.kz порталы Trend ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Канаданың ғаламдық проблемалар институтының ғылыми қызметкері  Роберт Катлердің (суретте - ред.) «Оңтүстік Қап тауындағы жаңа жағдай: перспективалар мен қатерлер» деп аталатын онлаин шарадағы сөзіне қарағанда, бұл жайт, дәлірегі, жаулық көрші екі ел арасындағы бейбіт келісімге кедергісін жасап отыр. Канадалық сарапшының айтуынша, Таулы Қарабақ жанжалының аяқталуы аталған аймақтың дамуына үлкен мүмкіндік тудырып отыр. Оның пікірінше, оқ пен дәрінің иісі әлі сейіле қоймаған аймақты дамытуға тек Әзірбайжан ғана мүдделі болып қоймай, Армения тарапы да атсалысуы керек. Осылай еткенде ғана аталған аймақтың экономикалық жағынан өркендеп, екі елдің де дамуына ықпал ететін болады. Осылай деген ол қазіргі ең басты міндетті де атап өтті: ол – Таулы Қарабақты минадан тазалау. Минадан залалсыздандыру – машақаты көп әрі адам шығынына ұрындруы мүмкін аса қатерлі жұмыс. Десе де кері шегініп бара жатып, жол-жөнекей мина көміп кеткен армян әскерімен бірге Арменияға қарай жылыстаған Таулы Қарабақтағы армяндар үй-жайын, қора-қопсысын бұзып кеткен болатын. Армян әскерилері миналанған алқаптар картасын беруден үзілді-кесілді бас тартып отыр. Бұл армяндардың әзірбайжандарға көрсетіп отырған кезекті қылмысы ретінде бағаланып отыр. Әзірбайжанның жерін армян басқыншыларынан азат ету соғысы кезінде 24 мыңдай армян сарбазы жер жастанса, әзірбайжан тарапынан 2783 әскери қаза тапқан. Бітімгершілік күштер сапындағы ресейлік саперлер бір тәуліктің өзінде 16 шақырым аумақты минадан тазалау барысында 1600-ден аса минаны залалсыздандырған екен. Минадан тазалау кезінде бір ресейлік бір офицер минаға түсіп, бақилық болған.

Ұқсас материал:

"Түріктердің минадан тазалау машинасы сынақтан сәтті өтті (видео)" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/turikterdin-minadan-tazalau-mashinasy-synaqtan-satti-otti-video-14793/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат