Әлемдегі ең ірі орманды армия қорғайтын болды
Әлемдегі ең ірі орманды армия қорғайтын болды
3 жыл бұрын 2183 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жердің өкпесі саналатын орманды отау салдарынан атмосфераның көмірқышқыл газымен ластану деңгейі жылдан жылға артып барады. Бұл жайында islam.kz порталы Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аумағы 5 500 000 шаршы шақырымды алып жатқан тропикалық массивтің атмосферадағы оттегінің 20%-нбөледі. 2009 жылы бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 2100 жылға қарай ауа температурасы жаһандық жылынудан Цельсия бойынша 3°C-қа көтерілер болса, Амазония тропикалық орманның 75%-н, ал 4°C-қа көтерілсе, 85%-н жояды. Амазонияның табиғаты 1960-шы жылдарға дейін сақталды. Содан бері орман оталып, 1995 жылы өзінің шарықтау шегіне жетті – 29,059 шаршы шақырымы жойылып кетті. Тек 2019 жылдың өзінде аталған орман массивінің 488,4 шаршы шақырымы оталып кетті. Сол жылдың маусым айының өзінде минут сайын 1,5 футбол алаңындай аумағынан айырылды. Айналдырған 15 күннің ішінде 1000 шаршы шақырымынан астамы оталды. Яғни, 2018 жылмен салыстырғанда 68%-ға оталды. 1980 жылдан бастап Лидса университеті тарапынан жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, амазония жылына шамамен 430 тонна көміртекті сіңірген. Яғни, жыл сайын Ұлыбритания атмосфераға бөлетін көміртек мөлшерінен төрт есе көп көміртекті сіңірген. Бұл орманның әлем экологиясы үшін маңызы осындай. Алайда, орманның оталуы тыйылмай тұр. Осыған байланысты Бразилия билігі әскердің көмегіне жүгінбек. Аталған ел қарулы күштері сапындағы сарбаздар браконьерлермен күреске жұмылдырылады. Сарбаздар орманды тамыз айының соңына дейін күзететін болады. Бразилия президенті Жаир Болсонару жарлығымен.

0 пікір
Мұрағат