Әлемдегі әр үшінші өлім-жітім жаһандық жылынумен байланысты
Әлемдегі әр үшінші өлім-жітім жаһандық жылынумен байланысты
3 жыл бұрын 1578 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Халықаралық ғалымдар тобы бұл бағытта арнайы жүргізген зерттеу нәтижесінен анықтағандай, 1991-2018 жылдар аралығындағы әлемдегі әрбір үшінші өлім-жітімнің жаһандық жылынумен тікелей немесе жанама байланысы бар болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Climate Change мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы аса ірі зерттеу Лондонның гигиена және тропикалық медицина мектебінің (LSHTM) және Берн университетінің жетекшілігімен Multi-Country Multi-City (MCC) біріккен зерттеу желісінің аясында жүргізілді. Ғалымдар әлемнің 43 елінен 732 елді-мекеннің деректерін зерделеген болатын – аптап ыстықтан өлу қатерін арттырудағы антропогендік климат өзгерісінің нақты үлесін алғаш рет көрсетіп берді. Аталмыш зерттеу негізіндегі бағалау бойынша жаз мезгіліндегі аптап ыстықтан болатын өлім-жітімнің 37%-ы антропогендік әрекеттің салдарынан орын алған жердің жылынуымен байланысты болып шықты. Жаһандық жылынумен байланысты өлім-жітім көрсеткіші Орталық және Оңтүстік Америкада (мәселен, Эквадорда немесе Колумбияда 76%-ға дейін) және Оңтүстік-шығыс Азияда (48%-61%) жоғары. Ғалымдар жалпылама көрсеткішпен шектеліп қалмай, нақты елді-мекен бойынша антропогендік климат өзгерісінен орын алған өлім-жітім көрсеткішін алға тартып отыр: Сантьяго-де-Чили (қаладағы барлық өлім-жітімнің 44,3%-ы) – жылына 136 өлім-жітім; Афинада (Греция астанасы) – жылына 189 (барлық өлім-жітімге шаққандағы үлесі - 26,1%),; Римде – жылына 172 (барлық өлім-жітімге шаққандағы үлесі - 32%); Токио – жылына 156 (барлық өлім-жітімге шаққандағы үлесі - 35,6%); Мадрид (Испания астанасы) – жылына 177 (барлық өлім-ітімге шаққандағы үлесі - 31,9%). Ғалымдардың дерегінше, жаһандық жылыну адам денсаулығына бірнеше жолмен әсер етеді: тікелей әсер (орман өртімен, сел-тасқын секілді стихиялық апаттармен байланысты) және трансмиссиялық аурулардың таралуы арқылы. Бұдан бөлек, жылу стресінен көз жұматындар қарасы көп.

Ұқсас материал:

«Жылына әлемдегі өлім-жітімнің 15%-ы тек бір себептен болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jylyna-alemdegi-olim-jitimnin-15-y-tek-bir-sebepten-bolady-12878/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат