72 cағат қана шыдай алды...
72 cағат қана шыдай алды...
7 жыл бұрын 5388 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясында көп балалы ана үлкен ұлының қазасынан 72 сағат өткен соң бауыр еті баласының соңынан аттанды. Қазақ айтатын, жүріп кетті. Ішін өрт болып күйдірген құсадан. Тарқатып айтқанда, 48 жастағы Уижан АҚШ-та компьютерлік инженерлік оқу оқыған ұлы Хассанның кенеттен қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды естігенде төбесінен жай түскендей есеңгіреп қалған. Сол күйі өз-өзіне келе алмады. Артынан белгілі болғандай, Вашингтон штатында жасыл алаңда доп қуып, футбол ойнап жүргенде есінен танып қалған жігіт, дәрігерлердің диагнозы бойынша гипогликемиядан демі үзілген. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Анасы ұлын үш күн жоқтады, қайғыдан қан жұтып, ақыры өзі де бақилық болды. Оны АҚШ-тан ұшақпен жөнелткен ұлының сүйегімен бірге жерледі. Айта кетейік, құсадан кеткен әйелдің алты баласы болған, ең кішісі 2 жасқа енді толған. 

0 пікір
Мұрағат