2050 жылы адамзаттың 40%-ы су cтресінен зардап шегеді
2050 жылы адамзаттың 40%-ы су cтресінен зардап шегеді
4 жыл бұрын 3265 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Енді отыз жылдан соң әлемнің 43 елінде 700 млн-ға тарта адам судан таршылық көреді. 2,7 млрд адам жыл сайын кем дегенде бір ай бойы су тапшылығы орын алатын аймақтарда тұрады. Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) келтірген дерекке қарағанда, бүгінде әлемдегі тұшшы су қоры 2,5 пайыздан аспайды. Оның 70 пайызы мұздақта шоғырланған. Ал бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінде 785 млн адамға ауыз суға зар болып отыр. Бұдан бөлек, 144 млн адам ластанған суды тұтынуға мәжбүр. Кем дегенде екі млрд адам канализация суымен араласқан суды ауыз суы ретінде пайдалануда, бұл жағдай өз кезегінде тырысқақ, сүзек, полиомиелит, т.б. аурулардың кеңінен таралуына жол ашып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мағлұматы бойынша әлемде суды тұтыну алты есеге артып, бұл көрсеткіш жылдан жылға ұлғайып келеді. Бүкіл әлемдік іргелі ұйымдардың сарапшылары 2050 жылға қарай адамзаттың 40 пайызы су тапшылығы стресінен арылмайтынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат