Кезінде Деобанд ғалымдары Османлы әскеріне 65 мың рупи жылу жинап жіберген...
Кезінде Деобанд ғалымдары Османлы әскеріне 65 мың рупи жылу жинап жіберген...
3 жыл бұрын 4863

 Үндістанға кеткен мата

Соңғы жылдарын соғысумен өткізген Османлы салтанатының экономикалық жағдайы тым нашарлаған болатын.

Осыған байланысты Үндістандағы Деобанд ғалымдары 65 мың рупи ақша жәрдем жинап, Станбулға жолдайды.

Ол кезде Османлы тағында V-Мехмет Решад отырған тұғын. Ол осындай бауырлық демеуге қатты риза болып, алғыс ретінде «Пайғамбар шапаны» ұзақ жылдар бойы ораулы тұрған матаны сый қылып жібереді.

Бұл мүбәрак сыйлықты Үндістандағы мұсылмандар төбелеріне шығарып құрметтеді. Ол мата Пайғамбардың (ғалейһис саләту уә сәлләм) шапанына тиген мата болғандықтан, ол - Үндістан ғұламалары мен Үндістан халқы үшін көңілдерін толқытар және жүректерін тебірентер қуаныш пен берекеттің қайнар көзі болды. 1913 жылдан бүгінге дейін сол матаны олар көздерінің қарашығындай қастерлеп сақтап келеді.

Оны «Мәндилу Шәриф», яғни, «Киелі мата» деп атайды. Оны зиярат ету берекет болады деп бағаланады.

Қазіргі таңда қазына үйінде сақтаулы тұрған бұл мүбәрак аманат Үндістандық мұсылмандар үшін Пайғамбарға деген ғашықтықтан өртенген көңіл күйлерді жұбататын ерекше тәбәррук уәсиләсіне (теберік дәнекеріне) айналды. Мұның бәрі Пайғамбарға (с.а.у.) деген сүйіспеншіліктің әлі жанданып тұрғандығынан. Оның (ғалейһиссәләм) ең кішкентай естелігінің өзіне құрмет - көңілдерді рухани берекетке толтыруда[1].


[1] Осман Нұри Топпаш: «Ықылас пен тақуалық», 320 бет. «Хикмет» баспа үйі. Алматы.

0 пікір