Алла Тағала (өлең)
Алла Тағала (өлең)
3 жыл бұрын 7401
Құл-Керім қажы Елемес

Бәрін де Алла көреді.

Бәрін де Алла береді.

Әуел мен ақыр жоқ Онда,

Мәңгілік Өзі төре-дұр!

 

Бәрін де Алла біледі.

Алласыз дүние тұл еді!

«Білмейді Ол» деген біреу де,

Әл-Мисақта Оған құл еді.

 

Бәрін де Алла естиді.

Жария,

Жабық,

Әр күйді...

Хақсыздың бақсыз екенін,

Менің де «менім» кеш түйді.

 

Жаныңмен нұрға кенелгің,

келсе егер Хаққа жөнелгін!

Білетін,

Көріп,

Еститін,

Шебері Алла Шебердің


Қамқор Ол, жұмсақ әрі өктем.

Сүйгенін тақуа, дара еткен.

Шебер Ол ғана, қас шебер,

Бәрін Ол жоқтан бар еткен.

басқармасы

"Аллаға мадақ (таңдаулы діни өлеңдер)"

0 пікір