Жел­дің ұрықтандыру қыз­ме­ті
Жел­дің ұрықтандыру қыз­ме­ті
10 жыл бұрын 3111
Қайрат Жолдыбайұлы

«Хижр» сү­ре­сін­де­гі:

﴿وَأَرْسَلْنَا الرِّيَاحَ لَوَاقِحَ فَأَنزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَسْقَيْنَاكُمُوهُ﴾

«Біз жел­ді то­заңдау үшін жі­бер­дік, сөй­тіп ас­пан­нан жаң­быр жауғы­зып, сен­дер­ді су­сын­дан­дыр­дық…» аяты жаң­быр­дың жаууын­да, жел­дің то­заң­дан­ды­ру қыз­ме­тін ат­қа­ра­тын­ды­ғын ашық баян­дай­ды.

Жел су бу­ла­ры­нан пай­да бол­ған бұлт­тар­ды бір-бірімен қақ­ты­ғыс­ты­ра­ды. Бұл қақ­ты­ғыс сал­да­ры­нан най­за­ғай пай­да бо­ла­ды. Жел бұлт­тар­ды ты­ғыз­дап сық­қан кезде жер­ге жаң­быр жауа­ды. Жел­дің бұлт­тар­ды ай­дап, бір-бі­рі­не қо­су ісі жо­ға­ры­да­ғы аят­та «бұлт­тар­ды бір-бі­рі­не қо­са­ды» деп емес, «то­заң­дай­ды» деп бе­рі­луі шы­ны­мен де на­зар ауда­рар­лық. Яғ­ни, аят­та ай­тыл­ған жел­дің бұлт­тар­ды «то­заң­дай­ды» деуі­нің ас­та­ры­нан бұлт­тар­дың да бей­не бір ата­лық-ана­лық тә­різ­ді по­зи­тив-не­га­тив болып бө­лі­не­тін­ді­гін аң­ға­ру­ға бо­ла­ды. Де­мек, жел­дің пози­тив-не­га­тив бұлт­тар­ды бір-бі­рі­мен қо­сып, тығыздауы нәти­же­сін­де жаң­быр жауғы­зуы оның «то­заңдауы» бол­мақ.

То­ғы­зын­шы ға­сыр­дың ая­ғын­да яғ­ни осы­дан он бір ға­сыр бұ­рын өмір сүр­ген Ибн Жә­рир әт-Та­ба­ра­ни ат­ты ға­лым жо­ға­ры­да­ғы аят­ты тәп­сір­ле­ген­де: «Әуелі жел өсім­дік­тер­ді то­заң­дай­ды, со­сын бұлт­тар­ды то­заң­дай­ды» – деп, жел­дің өсім­дік­тер­ді һәм бұлт­тар­ды да тозаң­дай­ты­нын ай­туы таң қа­лар­лық.

Мі­не, Құ­ран Кә­рім он төрт ға­сыр бұ­рын жел­дің аналық-ата­лық­тан тұ­ра­тын өсім­дік­тер­де жә­не по­зи­тив-не­га­тив­ті бұлт­тар­да то­заң­дан­ды­ру қыз­ме­тін ат­қа­ра­ты­нын ашық ай­тып кет­кен. Ғы­лы­ми тұр­ғы­да ке­ші­рек дәлел­ден­ген атал­мыш та­би­ғат заң­да­рын 1400 жыл бұ­рын еш­бір адам­ның бі­луі мүм­кін емес еді. Олай бол­са, Құ­ран адам емес, осы заң­дар­ды жа­рат­қан Ұлы Құ­ді­рет­тің сө­зі бол­мақ.

0 пікір