Имам Әбу Юсуфқа бір кісі сұрақтарын қоя бастапты. Әбу Юсуф өзіне қойылған сұрақтардың кейбіріне еш қысылмастан «білмеймін» деп жауап қатады. Сонда ол сұрақтарға жауап ала алмаған әлгі кісі ашуланып: «Білмесең, несіне қазынадан айлық алып отырсың?» - деп қалады. Сонда Әбу Юсуф байсалды қалпын бұзбастан: «Мемлекет менің білгендерімді бағалап айлық төлейді. Ал білмегендерім үшін де айлық алатын болсам, онда қазынада қаражат қалмас еді» деген екен.
Өзекті мақалалар
■
РУМИ: «Бояуға түскен шибөрінің өзін тауыс құсына теңеуі»
■
Ы. Алтынсарин: «Әлім кісіден дінге енді келген адам сұрапты...»
■
Абай: «Сократтың шәкіртімен Жаратушы жайында ой толғауы»
■
Ибн Туфайл — энциклопедист ғалым. Батыс оны «Abubacer» деген атпен таниды.
■
Ислам өркениетіндегі медреселер: түрлері, ерекшеліктері және ғылыми деңгейі