"Даланың адамы, қаланың адамына қарағанда ержүректеу болып келеді": Ибн Халдун
"Даланың адамы, қаланың адамына қарағанда ержүректеу болып келеді": Ибн Халдун
3 жыл бұрын 5843

Ибн Халдун – Абдуррахман ибн Мұхамед әл-Хадрами (الخضرميّ). Тунистік тарихшы. Философ. Әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы ғалым. Туған жылы – миләди 1332 жыл. Қайтыс болған жылы: миләди 1406 жыл. Қабірі – Каир қаласында (Мысыр).

Ибн Халдун өзінің «Тарих» атты ауқымды еңбегінде дала тұрғындары жайында біраз түйгендерін беріп өткен. Дәлірек айтқанда, отырықшылық пен көшпенді мәдениетінің кейбір айырмашылықтары мен ерекшеліктерін тілге алып өтеді. Соның екі-үшеуін қысқаша бере кетелік:

1) Дала тұрғындары (көшпенділер), отырықшылдық өмір салтына дағдыланған қала тұрғындарына қарағанда ержүрек, жауынгер болып келеді. Оның себебі – қала тұрғындары ыңғайлы әрі жұмсақ төсекке жатып, молшылық, рақат өмірге батқан. Осылайша, мал-жандарын қорғауды Уәлилеріне (қала басшысы) артып қойып, өздері уайымсыз-қайғысыз өмір кешуде...

2) Дала тұрғындары қала тұрғындарына қарағанда ізгілікке жақынырақ. Себебі, қалалы кісілер сияқты, дала тұрғындары да дүниені жек көрмегенімен, олар дүниені қажетінше қолданады. Қала тұрғындары сияқты, шектен тыс молшылыққа берілмейді, әрі олар нәпсі қалауы мен тәни ләззаттыққа жетелер себептер соңында кетпейді.

3) Көшпенді өмір салты – отырықшыл өмір салтына қарағанда көне және ол бұрын пайда болған. Сондай-ақ, көшпенді мәдениеті – қала мен отырықшыл мәдениетінің негізі, шыққан түбі әрі жәрдем етер демеушісі.

islam.kz 

 

 

 

1 пікір
  • Ибн Халдунның пайымдары шындыққа бір табан жақын келеді, салыстырмалы әдіснамаға жүгіну арқылы әр кезеңнің, әр аймақтың бет-бейнесін олардың болмысымен қоса беруі арқылы осы заманғы әлеуметтану ғылымының негізін қалаған тұлға ретінде тарихи бағасы әлі берілген емес, оны бүгінгі ұрпаққа кеңінен таныту арқылы адамның сыни көзқарасын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге болады
    3 жыл бұрын