Ұрлық – өте ауыр күнә!
Ұрлық – өте ауыр күнә!
7 күн бұрын 1629
Имам Зәһәби (рахимаһуллаһ)

Алла Тағала Құран Кәрімде былай деп ескертеді:

«Ұрлық жасаған ер адам мен ұрлық жасаған әйел адамның, істегендерінің жазасы ретінде әрі Алладан өзгелерге сабақ болсын деп, қолдарын кесіңдер. Алла Тағала аса үстем, даналық иесі»[1].

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:

«Алла Тағала (болмайтын бір) жіп ұрлап қолы кесілген ұрлықшыны лағынеттеді!»[2].  

Бұл жерде «жіп» деуі арқылы болмайтын дүние үшін қолынан ажырайды деген ұғымда айтылып тұр, болмаса, жіп ұрлағаны үшін шариғатта қол кесілмейді, бірақ ол үшін де күнә жазылары сөзсіз)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) тағы бір сөзінде былай деген:

«Егер Фатима Мұхаммед қызы ұрлық жасаған болса, оның қолын кесемін»[3].

Тағы бір сөзінде Алла елшісі былай деп  ескертеді:

«Зина жасаушы – зина жасау сәтінде мүмін болып зина жасамайды (иманы қашады). Ұрлықшы да ұрлық жасау сәтінде мүмін болған күйі (иманды болған күйі) ұрлық жасамайды (оның да иманы ол сәтте қашады). Бірақ тәубеге келу – оған ұсынылады»[4]. (Тәубе етсе, Алла тәубесін қабыл етеді).

Мансур, Һиләл ибн Ясәфтан, ал Ясәф болса, Сәлимә ибн Қайстан Алла елшісінің (с.а.у.) былай дегенін жеткізеді:

«Біліп қойыңдар! Шынында, сақтану керек болған ауыр күнәлар төртеу:  Аллаға еш нәрсені серік қоспаңдар! Нақақтан-нақақ Алла Тағала харам еткен жанды өлтірмеңдер! Зина жасамаңдар! Ұрлық жасамаңдар!»[5].

Имам Зәһәби айтады:

«Ұрлықшының тәубесі, ұрлаған заттарын иелеріне қайтармайынша қабыл болмайды. Егер, қолында еш нәрсесі қалмай, дүниелерін қайтара алмаса, заттың иелерінен халалдық алуы тиіс».

«әл-Кәбәир» (ауыр күнәлар) атты кітабынан.  (Араб тілінде).
islam.kz


[1] Маида сүресі, 38 аят.
[2] Имам Бұхари: «Сахих Бұхари». №6783.
[3] Имам  Бұхари: «Сахих Бұхари». №1688
[4] Имам Бұхари: «Сахих Бұхари». №6810.
[5] Имам Нәсәи: «әс-Сүнәнуль Кубро». №11373

0 пікір