«Пайғамбар ғалейһиссәләмның сөздеріне бағынбау таухидтағы ақаулықты білдіреді».
«Пайғамбар ғалейһиссәләмның сөздеріне бағынбау таухидтағы ақаулықты білдіреді».
1 ай бұрын 2414
Шейх Мұхаммед Содыйқ Мұхаммед Юсуф (рахимаһуллаһ)

Бисмилләһир рахманир рахим, Алла Тағалаға соңсыз хамд, саналар болсын. Пайғамбарымызға кәміл де, толық салауаттар болсын.

Пайғамбар саллаллаһу алейһи уә сәлләмға мойынсұнбаған адамның таухиди ақаулыққа ұшырайды. Өйткені, ол өз ойы мен өз нәпсі-эгосымен сөйлеп, Алланың һидаятынан басқа нәрсеге - қалауы мен эгоның иесіне ерген болады. Ол адам Пайғамбар саллаллаһу алейһи уә сәлләмның алып келген нәрселерінен қаншалықты алшақтаса, таухиды соншалықты мөлшерде ақаулыққа ұшырайды. Өйткені, ол кезде ол Алладан басқасын өзіне құдай қылып алған болады.

Алла Тағала Құранда былай деген: 

«Әфәро-әйтә мәнит тәхозә иләәһәһу һәуәһу».

«Өзінің нәпсісін құдай жасап алған адамды көрмедің бе?!» («Жасия» сүресі, 23 аят). Яғни, "өзінің нәпсісі мен эгосына табынатын адам" деп тұр.

(Имам Тахауи сөзін әрі қарай жалғап былай дейді:)

فيتذبذب بين الكفر والإيمان، والتصديق والتكذيب، والإقرار والإنكار، موسوساً تائهاً، شكاً، لا مؤمناً مصدقاً، ولا جاحداً مكذباً

«Ол осылайша, күпірлік пен иманның, растау мен өтіріксінудің, мойындау мен теріске шығарудың арасында - азғырылған күйі, адасып, күмәнға түскен халде, не растаушы мүмін емес, не өтіріксінетін кәпір емес, екі ортада сандалып жүреді».

Түсіндірме:

«Яғни, түйсігі мойынсұнумен қанағаттанбаған, саф таухидтен және таза мағрифат пен шынайы иманнан махрұм болған адам - ұждан (рух) азабына түсіп, иман мен күпірлік, растау мен өтіріксіну, мойындау мен теріске шығару арасында елең қағады. Азғырылуға бой алдырып, абдырап, дініне қарасты шәк-шүпәға түседі. Осылайша, һәм мүмін болып, шын жүректен тастық (мойындау) қылмайды, һәм кәпір болып, тілімен жалғанға шығара да алмайды, осылай екі ортада сарсаң болады.

Алла Тағаланың келесі мына бір аяты соған айғақ:

مُّذَبْذَبِينَ بَيْنَ ذَٰلِكَ لَآ إِلَىٰ هَـٰٓؤُلَآءِ وَلَآ إِلَىٰ هَـٰٓؤُلَآءِ ۚ وَمَن يُضْلِلِ ٱللَّهُ فَلَن تَجِدَ لَهُۥ سَبِيلًۭا

«Олар екі арада дел-сал болады. Не анда жоқ, не мұнда жоқ. Алла Тағала кімді адастырса, оған тура жол таба алмақ емессің!». («Ниса» сүресі, 143 аят).

Тағы бір аятта былай делінген:

 مَثَلُهُمْ كَمَثَلِ ٱلَّذِى ٱسْتَوْقَدَ نَارًا فَلَمَّآ أَضَآءَتْ مَا حَوْلَهُۥ ذَهَبَ ٱللَّهُ بِنُورِهِمْ وَتَرَكَهُمْ فِى ظُلُمَـٰتٍ لَّا يُبْصِرُونَ

«Олардың мысалы: (Далада) от жағып маңын жарық қылғанда, Алла олардың жарығын өшіріп, қараңғылықтарда қалдырған әлдекім сияқты. Олар көрмейді». («Бақара» 17 аят).

Шейх Мұхаммед Содиқ Мұхаммед Юсуф (р.а.), «Aqiydatut Tahoviya sharhining talxiysi» кітабынан. (Өзбек тілінде).

Қазақшалаған: А. Қасым, islam.kz

 

 

0 пікір