Бір Аллаға сыйынған адам өлмес,
Құдайсыз қу қолынан іс те келмес.
Белін бекем буғанның белі талмас,
Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.
Адамзат өзін-өзі сынау керек,
Тазалық, әділдікті ұнау керек.
Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай,
Ақтан көрген бәлеңе шыдау керек.
Не шыда, не залым бол, бірін таңда,
Әйтеуір ақылын тап, ерте қамда.
Момын бол, не бұзақы, не батыр бол,
Қазақ тыныш қоймайды не қылсаң да.
Адалға орын емес қазақ іші,
Тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі.
Өзін асырар қазақтың өнері жоқ,
Бірін-бірі талайды – бар жұмысы.
|
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес
|
Өзекті мақалалар
■
Имам Ғазали: «Насихат айтылатын қауым үшке бөлінеді...»
■
Әнуар Шах әл-Кәшмири – ұлы хадисші ғалым (рахимаһуллаһ)
■
Менделеевтен 1000 жыл бұрын химиялық элементтердің кестесін жасауға тырысқан мұсылман ғалым
■
РУМИ: «Бояуға түскен шибөрінің өзін тауыс құсына теңеуі»
■
Ы. Алтынсарин: «Әлім кісіден дінге енді келген адам сұрапты...»