Студенттер роботқа қазақ тілінде өлең оқытты (ВИДЕО)
Студенттер роботқа қазақ тілінде өлең оқытты (ВИДЕО)
9 жыл бұрын 4508
Назарбаев университетінің студенттері роботқа қазақ тілінде өлең оқытып, би билететін бағдарлама жасап шығарды.

Студенттер бұл бастамаларын елдің инновациялық алға ілгерілеуіне қосқан бір үлесіміз, деп есептейді.

Науо есімді робот таяуда Абайдың 170 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауда қазақша өлеңді оқып екінші орын алған. Өлең авторы, роботты қазақша сөйлеткен студент - Жеңіс Отарбай.  Ол достарымен бірге Ирландияда оқыған Назгүл Тәжіғалиеваның  жетекшілігімен  Науоға арналған бағдарламаны  әзірлеген, деп жазады «Қазақстан» арнасы.

Науо - францияның Альдебаран компаниясының өнімі. Дәрі беру, сабақ оқыту секілді кішігірім қызметтер атқара алады. Университет студенттерінің ізденісі арқасында енді билейтін болды.  

Назарбаев университеті студенттері мұндай құлтемірлердің әлі талайын жасап шығаруы тиіс. Бұл бағдарламалардың өндіріске енуі де мүмкін.  Бастысы - жаңалыққа құштарлық, ғылыми ізденісті жалғастыру керек, - дейді жастар.

1 пікір
Мұрағат