|
Сот үкімімен бірнеше сайт жабылды
|
Сот үкімімен 54 шетелдік ғаламтор ресурсына еліміздің аумағында өз өнімдерін таратуына тыйым салынды. Бұл жайында BNews.kz ақпарат көзі хабар таратты. Сот мұндай үкімді 652 ғаламтор ресурсына қатысты 23 шағымның негізінде шығарды. Сот үкімен еліміздің аумағында өнімдерін таратуына тыйым салынған шетелдік ғаламтор ресурстары онлайн режимінде құмар ойындар бойынша қызмет көрсеткен, сондай-ақ, 12 заңсыз материалды жариялаған, яғни, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттаған. Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның 1-ші бабының 4-ші және 5-ші тармақтарына сәйкес ғаламтор ресрустары да БАҚ-қа жатады. Ондағы жарық көрген материалдар да БАҚ өнімдері болып табылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды
■
Араб елі түйе саудасына қатысты жаңа ережені енгізеді