Индонезия жастары аралас некеге қарсы күрес ашады
Индонезия жастары аралас некеге қарсы күрес ашады
10 жыл бұрын 3373

Индонезияның заң университетінің 4 түлегі және студенттері елдің конституциялық сотына неке туралы заңның 2-ші бабының 1-ші тармағын өзгерту турасында шағым түсірді. Аталмыш заңның аталған бабы мен тармағында бір наным-сенімі бөлек ерлер мен әйелдердің некесінің заңды екені айтылған. Бүгінгі таңда осы елдің азаматтық хал актілерін жазатын құзырлы орындардың көбісі аталмыш баптың аталған тармағын басшылыққа алып, аралас некені тіркеуден бас тартады. Жакарт және Салатиге қалаларында ғана бірнеше АХАЖ 1986 жылы Жоғары сот қабылдаған қаулыны ғана мойындайды. Ондағылар адамның наным-сенімі олардың отбасын құруына кедергі келтірмеуі тиіс. Harmoni Mitra Madania қорының діни сенімінің айырмашылықтарына қарамай отау көтергендердің ісі бойынша кеңес берумен айналысатын Ахмет Нұрчолыш индонезиялық жастардың бастамасын қолдайтынын жеткізіп, 2005 жылдан бері наным-сенімі бөлек 557 жұптың неке қиюына көмектескенін тілге тиек етті. Алайда, бұл заңмен келіспейтіндер Индонезия өкілдер палатасы алдында наразылық шарасын өткізіп, аталмыш заңды талқылауға дін қайраткерлерін де қатыстыруды талап етті.

0 пікір
Мұрағат