Шымкент тұрғыны 100 түп терек отырғызып, аялдама тұрғызды (ФОТО)
Шымкент тұрғыны 100 түп терек отырғызып, аялдама тұрғызды (ФОТО)
9 жыл бұрын 4272

Шымкент қаласында тұратын Асылхан Ағманұлы ағамызды көбінесе көше бойынан көп көресіз. Бір қызығы, қашан көрсеңіз де ағамыз ақ тер-көк тер болып ағаш отырғызып немесе гүл көшеттерін баптап жүреді.

Жақында Асылхан ағамыз аты бар, заты жоқ автобус аялдамасының айналасын ретке келтіріп, өз қолымен аялдама да тұрғызып қойыпты. «Осы отырғызған ағаштарды көлеңкелеп, аялдамада автобус күткендер риза болса болғаны. Соның өзі сауап емес пе?!» – дейді ақ жүректі ағамыз өзінің бұл ісін түсіндіре келіп.

Асылхан Ағманұлы осы көше бойына 100-ге жуық терек отырғызған көрінеді. Бүгінде көбісі көкке қарай бой созып, көлеңкесі мол ағашқа айнала бастапты. Олардың күнделікті күтімін де әлі күнге ағамыз өзі реттеп отырады екен.

Қолы шебер ағамыз аялдаманы жақында ғана тұрғызған көрінеді. «Аптап ыстықта адамдарға пайдасы тисін дегенім ғой. Күннен қалқа болсын деп артқы жағына шырмауық егіп қойдым. Өскен соң өте әдемі аялдамаға айналады», – дейді Асылхан ағамыз өз ісіне дән риза кейіпте.

Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде жолдағы кедергі алып тастаудың өзін ізгі амалдар қатарына жатқызады. Асылхан ағамыздың жолдағы кедергілерді тазалағаны былай тұрсын, күннен қалқа, желден пана болатын аялдама тұрғызып, ел игілігі үшін 100 түп терек отырғызғаны – үлгі боларлық іс. 

3 пікір
Мұрағат