Шығыс Қазақстан облыстық мешітіне Халифа Алтайдың есімі берілді
Шығыс Қазақстан облыстық мешітіне Халифа Алтайдың есімі берілді
9 жыл бұрын 5392

BAQ.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облыстық мешітіне белгілі қоғам және дін қайраткері, түркітанушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Халифа Алтайдың есімі берілді. Таяуда өңір ардагерлері мен жұртшылығының ШҚО орталық мешітіне Халифа Алтайдың есімін беруді сұрап отырғанын жазған болатынбыз. Бастама Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төралқасында талқыланып, бірауыздан қолдау тапты. Сөйтіп, Қасиетті Рамазан айында үш жыл бұрын ашылып, аз уақытта өңірдің бірегей рухани һәм келісім орталығына айналған облыстық мешітке белгілі қоғам және дін қайраткері, түркітанушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Халифа Алтайдың есімі берілді. Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда Халифа Алтай есімімен аталатын бірде-бір мешіттің жоқ екенін Мүфтият мамандары да растаған болатын.

0 пікір
Мұрағат