ҚР дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарды қай елдерден алады?
ҚР дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарды қай елдерден алады?
7 ай бұрын 682 forbes.kz

2023 жылы қаңтар–тамызда елімізде 96,3 млрд теңгеге фармацевтикалық өнім өндірілді — бұл былтырғымен салыстырғанда ақшалай мәнде 8,3%аз. ӨӨИ — 94,7% (яғни өндірістің нақты көлемі 5,3% азайған), деп хабарлайды energyprom.kz.

Оның ішінде негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі 4 млрд теңге (бір жылда ақшалай 69,2% көбейген), фармацевтикалық препарат пен медициналық материал өндірісі — 92,3 млрд теңге (10,1% азайған) болды.

Өңірлер бойынша Шымкент ең алда: 29,7 млрд теңге, бір жылда 21,8% азайған. Одан кейін Алматы облысы (27,8 млрд теңге, бір жылда 1,4% көбейген) және Алматы (17,3 млрд теңге, 27% көбейген).

Биыл қаңтар–шілде қорытындысы бойынша, елге 791,8 млн АҚШ долларына 15,8 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Импорт өсімі заттай 8,8% көбейсе, ақшалай 2,5% азайған.

ТМД елдерінен 72,1 млн АҚШ долларына 4,8 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Мұнда импорттың негізгі көлемін Ресей қамтамасыз етті: 3,5 мың тонна — былтырғымен салыстырғанда 5,7% аз. Одан бөлек Беларусь пен Украина* да Қазақстанға айтарлықтай көлемде дәрі-дәрмек сатты.

ТМД-дан тыс елдерден Қазақстан 719,7 млн АҚШ долларына 11,1 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады. Мұнда Қазақстан үшін негізгі жеткізуші Қытай: 2,3 мың тонна дәрі-дәрмек — былтырғы қаңтар–шілдемен салыстырғанда 15,5% артық. Үздік үштікке Германия мен Үндістан кірді

Биыл қыркүйекте дәрі-дәрмектерге, емдік жабдықтар мен құрылғылар бір жылда 12,4% қымбаттады.

Өңірлер бойынша Ақмола облысында бір жылда 22,3% қымбаттады. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы (20,3% көбейген) және Алматы (17,1% көбейген). Түркістан облысында жылдық бағаның өсімі ең төмен: 5%.

Қазақстанда қандай кәсіпорындар дәрі-дәрмек шығарады?

ҚР ҰЭМ статистика комитетінің дерегі бойынша, Алматы облысы, Алматы мен Шымкент қалаларында дәрі-дәрмек өндірісі артқан. Елде шығарылатын дәрі-дәрмектің 90 пайызы – осы аталған өңірлердің еншісінде.  Атап айтқанда ел үшін маңызды салада жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның бірі – Шымкентте орналасқан «Химфарм» АҚ – еліміздегі ең ірі фармөнім өндіруші. Бұл кәсіпорын жылына 600 млн таблетка, капсула және саше, 193,8 млн инъекциялық ерітінді ампуласын, 2,6 млн инфузиялық ерітінді флаконын, 4,5 млн сұйық пероральді дәрілік затты, цефалоспориндер тобындағы антибиотиктер ұнтақтарының 35,4 млн флаконын және басқа антибиотиктердің 14 млн флаконын шығара алады. 

Ал Алматыда орналасқан «Нобел АФФ» АҚ-ның жылдық қуаты 750 млн таблетка, 250 млн капсула, 20 млн құты сироп мен суспензия, 10 млн туб крем мен гель шығаруға жетеді. 

2019 жылдың басында қызметтік сипаттамасында «негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісімен» айналысатыны жазылған 72 кәсіпорын болған. Соның ішінде  45 кәсіпорынның негізгі қызметі  – дәрі-дәрмек және медициналық бұйым өндірісі. Фармацевтика өнімдері өндірісінде 3,6 мың адам жұмыс істейді. Статистика комитетінің дерегі бойынша, осы салада қызмет ететін қызметкерлердің орташа айлық жалақысы жыл басында  239 479 теңгені құраған. 

Основные-предприятия-фармацевтической-промышленности-(правки)-1 (1).png

Қазақстан дәрі-дәрмектің 87%-ын сырттан сатып алады

Фармацевтика – әлемдегі ең табысты салалардың бірі. Бұл сала 2021 жылы 1,18 трлн долларға сауда жасап, әлемдік жалпы ішкі өнімнің 1,4%-ын құрады. Әлемдегі 4,4 млн адам фармацевтика саласынан нәпақасын тапты (бұл қатарға дәріханадағы сатушылар кірмейді). Ал, жоғары сұранысқа ие саладан көл-көсір пайдаға кенеліп отырғандардың көшін әдеттегідей АҚШ бастайды. Сондай-ақ, фармацевтика өнімдерін ең көп шығаратын елдердің алғашқы ондығына АҚШ-пен қатар Қытай, Жапония, Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания, Испания, Бразилия және Канада енеді. Мысалы, АҚШ-тың Johnson & Johnson фармацевтикалық компаниясының нарықтағы капиталы 459,8 млрд долларға бағаланады. Дәрі-дәрмек сатудан алдына ешқандай компанияны салмайтын фармацевтикалық алпауыт 2021 жылы 93,7 млрд долларға сауда жасады. Сөйтіп, компания бір жылда 20,8 млрд доллар таза табыс тапты. Онда 135 мыңдай адам еңбек етеді. Табысы көл-көсір фармацевтикалық алпауыттардың қатарында АҚШ-тың бес, Швейцарияның екі, Ұлыбритания, Қытай, Германияның бір-бір компаниясы бар. Алғашқы отыздықтан Жапония, Үндістан, Израиль, Дания, Франция елдерінің де компанияларын көруге болады.

qazaq1913.com

0 пікір
Мұрағат