Cаудиядағы қасиетті орындарда климаттық бақылау жүйесі іске қосылады
Cаудиядағы қасиетті орындарда климаттық бақылау жүйесі іске қосылады
3 ай бұрын 596 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясындағы исі мұсылман қастер тұтатын қасиетті орындарда жоғары технологияға негізделген климатты бақылау жүйесі іске қосылады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Asharq al-Awsat ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша меймандар мен қажыларға жылдың кез келген тәулігінде жанға жайлы жағдай жасалады. Харам мешіті мен Пайғамбар мешітінің аумағы кез келген уақытта температура 20-24 градус диапозонында болады. Аптап ыстық орнайтын жаз мезгілінде ауаны тазарту әрі салқындату жүйесі жұмыс істейтін болады. Соның ішінде Харам мешітінде салқын ауа беріледі. Жоғары технологиялы сүзгі шаң-тозаң мен ауа ластаушыларды аулайды. Бұдан бөлек, ауа ультракүлгін сәулемен тазартылады. Ауаның ылғалдылық деңгейі де қатаң қадағаланады. Бұл жұмыстарды саудиялық инженерлер тобы атқарады.

0 пікір
Мұрағат