Таяу шығыс елінде Ібілістің «ізбасарлары» жаппай тұтқындалды
Таяу шығыс елінде Ібілістің «ізбасарлары» жаппай тұтқындалды
2 ай бұрын 884 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мамыр айының 17-і күні иран полициясы 250-ден аса адамның қолына кісен салған, олардың үшеуі шетелдік азамат. Иран астанасы – Теһран қаласының батысында қолға түскендерге «Ібіліске табынуды насихаттады» деген айып тағылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде irna.ir ақпарат агенттігіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, «полицияның ақпарат орталығы шайтандық желі мүшелерінің үлкен тобын анықтап, қамауға алғанын» хабарланды. Хабарламада киген киімінен бастап бет-жүзіне дейін әзәзілдік ұрандар мен белгілері бар 146 ер адам 115 әйелді тәртіп сақшыларының тұтқындағаны айтылғн. Бұдан бөлек, Теһранның батысында орын тепкен Шахриар қаласында арнайы операция кезінде еуропалық азаматтар да тұтқындалған. Рейд барысында олардан ішімдік пен психотроптық заттар тәркіленген.

0 пікір
Мұрағат