BionicBee робот аралары үйір құруды үйренді (фото+видео)
BionicBee робот аралары үйір құруды үйренді (фото+видео)
2 ай бұрын 791 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Bionic Learning Network Festo компаниясы Hannover Messe 2024 көрмесінде жаңа өнімін – BionicBee деп аталатын робот араны жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның нақты пайдасы жоқ, өйткені, машинаны құрастыру кезінде механизмдердің максималды санын минималды, яғни, мейлінше аз көлемге сәйкестендіру (сыйдыру) міндеті тұрды. Бұл арада жаңа технологияларды сынауға арналған платформаның бір түрі - атап айтқанда, толыққанды үйір механизмі турасында сөз болып отыр. Қолданыстағы ұшқышсыз ұшақтар тура мағынасында қалай ұшатынын білмейді - алгоритм бойынша әрбір құрылғы кеңістікте өз орнын тапқанда олар жай ғана берілген бағытты қатаң ұстанады. Үйір дегеніміз – алдына мақсат қоятын,  сонымен бірге, кедергі тудырмас үшін басқа объектілермен әрекеттесетін жекелеген объектілердің қозғалысы. Оның үстіне, олар тапсырманы жолай өзгертеді және бір әрекет түрінен екіншісіне дем арасында, жаппай ауыса алады. AI (жасанды зерде) ұзындығы 220 мм және салмағы 34 грам, қанаты 240 мм болатын құрылымды жасады. Олар 20 Гц-ке дейін тербеледі және бионикалық араның кез келген бағытта ұшуына мүмкіндік беру үшін 180 градусқа дейін айнала алады. Корпус серволарды, коммуникацияларды және батареяны қамтиды. Белгілі бір аумақты шарлау үшін бұл роботтарға сыртқы көрсеткіш қажет, сондықтан олардың қызметі қабырғасында сигнал қабылдайтын бір функциямен шектелген. BionicBee робот арасын құрастырғандар барлық деталдың қолмен жиналғанын атап өтті. Осыдан кейін AI құрастыру кезінде кеткен кемшіліктерді жою үшін әрбір «ара» үшін түзетулер жасайды. Үйірдегі әрбір робот басқаларымен бірдей әрекет еткенде ғана үйір құру мүмкін болады. Бұл соқтығысудан және басқа да қолайсыз сәттерден аулақ болуға мүмкіндік береді.

BionicBee

 

0 пікір
Мұрағат