2023 жылы қатерлі дертке шалдыққандар саны 5,7%-ке артқан
2023 жылы қатерлі дертке шалдыққандар саны 5,7%-ке артқан
2 ай бұрын 508 24.kz

Қазақстанда 2023 жылы қатерлі ісік ауруымен ауыратындар саны 5,7%-ке артқан. Науқастардың басым бөлігінде сүт безінің қатерлі ісігі тіркелді. Екінші орында тоқішек обыры мен өкпенің қатерлі ісігі тұр. Бұл туралы 24.kz қпарат көзі Алматыда басталған «Онко-Ренессанс 2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылған деректерге сілтеме жасайды.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда онкологиялық көмек жан-жақты көрсетіліп жатыр. Ең бастысы, ауруды бастапқы сатысында анықтаса, 95-98% жазылып шығуға мүмкіндік бар», – дейді дәрігерлер.

Сондықтан тұрғындар жергілікті емханалардың скринингінен тұрақты өтуі тиіс.

АҚШ, Ресей, Италия, Франция, Қытай елінен келген химиотерапевтер, хирургтер, рентгенологтар онкологияның 5 бағыты бойынша ғылыми және тәжірибелік жұмыс нәтижелерімен бөлісті.

Диляра Қайдарова, «Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» АҚ басқарма төрағасы: - «Қазақстан халқына» қорының көмегімен 6 сәулелік терапия құрылғысы сатып алынды. Осы айда 4 облыста орнатылады. Алматы мен Астанада 2 құрылғы және Семейде мен Петропавлда. Болашақта сондай-ақ5 басқа аймақтарға – Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар, Қостанай қалалары үшін жаңа радиациялық аппараттар орнату жоспарланып отыр.

 

0 пікір
Мұрағат