|
Зағип жандарға ауызашар берілді
|
Ауызашар Рамазан айындағы сауапты әрі сүйкімді амалдардан. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: “Ораза ұстаушының екі үлкен қуанышы бар: ауыз ашқанына қуанады және Раббысымен қауышқанда ораза ұстағанына қуанады (Бұхари, Саум 9; Муслим, Сиям). Ал енді қараңызшы, бірнеше мұсылман бауырыңыз дастарқанызда қуанышын бөлісіп жатса, нұр үстіне нұр емес пе?
Осы игі іс барлық мешіттерде орын алуда. «Һибатулла Тарази» мешітінде күнделікті өтіп жатқан ауызашарлардың бүгін де зағип жандар қадірлі қонағы болды. Оларға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев сыйлық табыстап, қарияларымыз ақ батасын берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді