Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған екі кәсіпорын
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған екі кәсіпорын
3 жыл бұрын 1467 halaldamu.kz ҚМДБ-ның Қарағанды және Атырау облыстары бойынша баспасөз қызметі
Қарағанды: «ADAL SAUDA Company» ет өнімдері сертификатталды 

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы бақылауындағы «Аймаганбетова Л.М» ЖК, сауда белгісі «ADAL SAUDA Company» ет өнімдерінің сертификатын жаңартты.

Дүкеннің өнімдері толық тексерістен өткізілді. Аталмыш кәсіпорын 1:2016 “Мал бауыздау және ет өңдеу” және 1:2015 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты бойынша қадағалануда.

Қазіргі уақытта үй шаруасында қажетті барлық азық-түліктерді үйден шықпай-ақ тапсырыс беріп алдыртуға болады. Ол үшін арнайы интернет дүкендері мен жеткізу орталықтары қызмет етеді. Сауда-саттықтың бұл үрдісі тұтынушыға да, тауарды ұсынушыға да қолайлы әрі заман талабына сай десек болады. Шаһарымызда мұндай дүкендердің саны артып келеді. Соның бірі «ADAL SAUDA» азық-түлік жеткізу дүкені. «ADAL SAUDA» ет өнімдерін үйде отырып-ақ тапсырыс беріп, алдырта аласыз!

big_8db02864c687ca70.jpg

big_0d3bb77849a4bb6a.jpg

big_0d4d4cf9960303b8.jpg

Атырау: "Алмалы құс" жұмыртқалары сертификатталды 

Атырау облысы Махамбет ауданында орналасқан "Алмалы Құс" фабрикасы "ҚМДБ Халал" сертификатын алды.

"Иманғали" мешітінде Облыс имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен "Халал Даму" мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы "Алмалы Құс" мекемесі өкіліне сертификат табыс етілді.

"Алмалы Құс" фабрикасы 2013 жылдан бері жұмыртқа өндіріп келеді.

"Халал Даму" мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш мекеме 3:2016 "Халал" өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады.

Сертификат 04.03.2022 жылға дейін жарамды.

WhatsApp Image 2021-03-13 at 22.10.35.jpeg

WhatsApp Image 2021-03-13 at 22.10.35 (1).jpeg

0 пікір
Мұрағат