Иммунолог ғалым иммунитетті нығайтудың миф екенін айтты
Иммунолог ғалым иммунитетті нығайтудың миф екенін айтты
3 жыл бұрын 2974 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Михаил Костинов есімді Ресейдегі Мечников атындағы ғылыми-зерттеу институтының екпемен алдын алу және иммундық терапия зертханасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, иммунолог дәрігер «Аргументы и факты» мерзімді басылымына берген сұхбатында иммунитетке қатысты халық арасында кеңінен тараған жаңсақ ұғымдарға тоқталды. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маманның айтуынша, тіпті, сау адамның өзінде иммунитеттің төмендейтінін әрі бұл қалыпты құбылыс екенін жеткізді. Осылай дей келе ол иммунитетті көтерудің мүмкін емесін, алайда, оны қалыпты деңгейде ұстауға болатынын тілге тиек етті. Бұдан бөлек, адам иммунитеті тұқым қуалайтын факторлармен де анықталатынын ескерте кетті. Тарқатып айтқанда, адам иммунитетін қалыпты жағдайда ұстау үшін де қандай да бір шара қолданудың қажеті болмайтынын айтып өтті. Бар-жоғы денсаулығыңызға ұқыпты қарасаңыз, соның өзі жетіп жатыр. Яғни, өз-өзіңізді күтіп ұстауғ саламатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, ұйқыны қандыру, т.б. Сондай-ақ, ол иммундық жүйенің қызметіне орынсыз араласудың арты жақсылыққа апармайтынын да, кейде иммунитеттің мықты болуынан организмнің зардап шегетінін де жасырмады. Дәлірегі, аутоиммундық аурулардың орын алуы мүмкін екенін ескертті. Сөзінің соңында ол вирус пен бактерияға, яғни, жұқпалы індеттерге қарсы пияз, сарымсақ, інжір, т.б. жеп, шөптер қайнатып ішудің иммундық жүйеге еш пайдасы жоғын айта келе екпеден артық иммунитке көмектесетін құралдың жоғын тілге тиек етті.

0 пікір
Мұрағат