Жануарлардың суыққа қарағанда жылуға төзімділігі баяу қалыптасады. Бұл олардың жаппай жойылуына алып келмек
Жануарлардың суыққа қарағанда жылуға төзімділігі баяу қалыптасады. Бұл олардың жаппай жойылуына алып келмек
3 жыл бұрын 3613 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жануарлардың көптеген түрлері жаһандық жылудың салдарынан орын алып отырған, жылдан жылға тереңдеп келе жатқан климат дағдарысы алдында дәрменсіз, яғни, суыққа қарағанда жылуға төзімділігі баяу қалыптасатындықтан әрі ыстыққа бейімделуінің белгілі бір шегі болғандықтан жаппай жойылу қатері төніп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, адамзат қарасының көбеюіне байланысты жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы тарылып келеді және оларды аулау да жойылу қатерін тездететін факторлар. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Дженнифер Сандей есімді канадалық Макгилла университетінің профессоры мен оның әріптестері жылуға төзімділіктің барлық типтегі организмдерге арналған мәліметтер базасын жасмады — GlobTherm. Ғалымдар бұл тараптағы зерттеу барысында түрлердің жылуға төзімділігінің ең алдымен олардың тіршілік ету ортасының климатымен байланысты екенін анықтады. «Температура шегі негізінен бүгінгі климатқа сәйкес келеді, алайда, температура шегінің эволюциялық тарихын қадағалап отыру өз кезегінде түрлердің онда қалай тап болғанын әрі бүгінде олардың қайда екенін қадағалауға мүмкіндік береді»,- деп түсіндірді Дженнифер Сандей. Ғалымдар, сондай-ақ, түрлердің суыққа төзімділігі жылуға қарағанда әлдеқайда тез қалыптасқанын аңғарған. Әсіресе, эктотермия мен өсімдікке қарағанда эндотермерлердің бойында осындай суыққа төзімділік жақсы дамыған. Эндотермдік жануарлар – өз денесінің температурасын реттеу үшін метаболилік жылуды генерациялайды (яғни, жылуды өз денесінің температурасын бір қалыпты ұстап тұру үшін зат алмасы процесіндегіндей пайдалана алатын жануарлар деп ұғыңыздар – ред.), мәселен, ондай жануарларға сүтқоректілер мен құстарды жатқызуға болады. Ал экзотермилік жануарлар өз денесінің температурасын сыртқы жылу көздерімен реттейді, мұндай жануарларға рептилия (жылан, бақа, т.б.), балық, омыртқасыздарды жатқызамыз.

Ұқсас материалдар:

«Жануарлар саудасының өзінен олардың қарасы 60%-ға азайып кеткен» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/januarlar-saudasynyn-ozinen-olardyn-qarasy-60-ga-azaiyp-ketken-14838/#gsc.tab=0);

«Адамзат болашақта балықты түсінде көреді – жаһандық жылынудан балықтар шағылысудан, ұрпақ өрбітуден қалады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/adamzat-bolashaqta-balyqty-tusinde-koredi-jahandyq-jylynudan-balyqtar-shagylysudan-urpaq-orbituden-qalady-14334/#gsc.tab=0);

«Африкадағы жануарлардың жартысы қырылып қалатын болды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/afrikadagy-januarlardyn-jartysy-qyrylyp-qalatyn-boldy-9945/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат