«Asia milk» cүт өнімдеріне халал сертификаты табысталды
«Asia milk» cүт өнімдеріне халал сертификаты табысталды
4 жыл бұрын 2512 beket-ata.kz Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі

Маңғыстау халқына өзінің тіл үйірер сүт өнімдерімен танымал «Asia milk» маркасы «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша халал сертификатын алды.

Аталмыш іс-шараға ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы арнайы қатысып, халал өнім өндіруге ниеттенген мекеме басшыларына алғыс білдіре отырып:

«Халал ас  бұл дініміздің ережелеріне сай өндірілген экологиялық таза өнім. Сол себепті, өз денсаулығына қамқорлықпен қарайтындар — мұсылман болсын, өзге дін өкілі болсын, халал сертификатталған өнімдерді қолдана алады деп есептеймін. Қазірдің өзінде, әлем бойынша миллиондаған адам халал өнімдерінің – адам денсаулығы мен гигиенасы үшін пайдалы екендігіне көз жеткізуде. Сіздердің табыстан бөлек, халықтың игілігі үшін адал өнім шығаруға ниеттенгендеріңіз — үлкен жетістік. Алла осы бағыттағы қадамдарыңызды қабыл алып, сауаптан жазсын. Алла кәсіптеріңізге береке берсін», деді.

ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Қобланов Іздібай алдағы уақытта бұл өнімдердің халал стандарттарына сай қызмет етуін қадағалайды.

0 пікір
Мұрағат