Аң аулаушыларға қойылатын талапты күшейтіп жатыр
Аң аулаушыларға қойылатын талапты күшейтіп жатыр
11 күн бұрын 575 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамзаттың кесірінен тіршілік ету ортасының тарылуына байланысты әрі экологиялық тепе-теңдіктің сақталмауынан жануарлар популяциясы жойылып барады. Тұқымы тұздай құрып кеткендері қаншама. Қызыл кітапқа енгізіліп, арнайы қорғауға алынғандарын есептемегенде. Бүгінде қоршаған орта балансын сақтауда маңызды рөл атқаратын жануарлар мен жәндіктерді қорғау бағытында түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Айыппұл салудан бастап бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылып, қорықтар ашылып, т.б. қысқасы, күресті күшейтіп жатыр. Осыдан бірер күн бұрын ғана Ресей Федерациясының табиғат министрлігінің бұйрығын аталған елдің әділет министрлігі тіркеп, заңдастырды. Онда аң аулаушыларға қойылатын талаптар толықтырылған болатын. Дәлірегі, бұдан былай тиісті құзырлы орындардан аң аулауға рұқсат алған тұлғалар аң аулауға рұқсат етілген аумақта лимиттен аспай, сонымен қатар, жабайы жануарлардың апаны мен інін, құстың ұясын, т.б. бұзбауы тиіс. Мәселен, суыр мен күзен бөгетін бұзғандарға келесі жолы рұқсат берілмейді немесе айыппұл арқалайды я болмаса аң аулау лицензиясынан айырылады. Егер аңшының иті кептеліп қалса, ондай інді тек жартылай ғана бұзуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, көзге көрінбеген аңды үркіту үшін, яғни, жасырынған жерінен үркітіп шығару үшін оқ атуға болмайды. Бұл шаралардың барлығы олардың тіршілік еткен ортасынан ауа безіп кетпесі үшін қолға алынып отыр. 

0 пікір
Мұрағат